Қазақстанда көлікті газ отынына көшіру КО техрегламенті талабын орындауды жеңілдетеді

Күні: 18:52, 03-02-2015.

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Қазақстанда көлікті газ-мотор отынына көшіру Кедендік одақтың автомобиль отынының сапасына деген техникалық талабын (ТР ТС 013/2011) орындауды жеңілдетеді, деп хабарлады ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының  белді маманы Гүлмира Исмағұлова.
«Көлікті газ-мотор отынына көшіру Кедендік одақтың автомобиль отынының сапасына деген техникалық талабын - ТР КО 013/2011 – орындауды жеңілдеткен болар еді, себебі CNG және LNG саны АИ-110-ға (Еуро-5 және одан да жоғары стандарт) сай келеді», - делінген сейсенбі күні ҚазТАГ сауалына берген Г. Исмағұлованың жауабында.
Оның айтуынша, 2013 жылғы отын тапшылығынан  2014 жылы Қазақстанда «стихиялық түрде газ дүрбелеңі» орын алыпты.
«Отын жүйесін бензиннен газға түрлендірген машиналар саны 2 еседен де артты, ол егер мемлекет тарапынан метан революциясын жасаған мемлекеттер сияқты белгілі қолдау болатын болса, ішкі нарық толығымен газ отынына көшуге дайын екенін көрсетеді», - деді ол.
Қазір әлемде газға көшірудің жаңа үрдісі байқалуда. Газ әлемдегі ең арзан отынның бірі. Сарапшылар Азияда, Латын Америкасында – атап айтқанда Иранда, Пәкістан, Аргентина, Бразилия, Үндістан мен Қытайда  - «метан революциясы» орын алды деп отыр. Ресей де автокөліктерін газға көшіру бағытында ауқымды жұмыс атқаруда.
«Біздіңше егер газ отынына көшуді лайықты түрде ауқымды жүргізсе, 2-3 жылда отын қауіпсіздігін толығымен шешуге болады. Ол Ресейден сатып алынып отырған отынға тәуелділіктен толығымен құтқарады», - деді Г. Исмағұлова.


Жаңалықтармен бөлісу: