Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда күн көрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылы 18 774 теңгені құрады, ол алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% өсті, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Хабарда айтылғандай, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1,2%, 2013 жылғы желтоқсанмен – 9,2%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,8%, жемістер мен көкөністерді – 10,5%, нан және жарма өнімдерін – 7,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,2%-ды құрады.
Ведомство сайтында түсіндірілгендей, ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі
9 Қыркүйек 2024, 14:02 -
Тоқаев Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады
9 Қыркүйек 2024, 13:56 -
Үкімет Маңғыстау облысында балалардың улану себебін тексеруді өз бақылауына алды
9 Қыркүйек 2024, 13:48 -
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14