Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы қаңтарда 1,5% артты

Күні: 16:01, 02-02-2017.

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда 2017 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 835 теңгені құрады, ол алдыңғы ай көрсеткішімен салыстырғанда 1,5% жоғары, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Статмәліметтерге сай, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,8%, жемістер мен көкөністерді – 9,8%, нан және жарма өнімдерін – 8,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,7%-ды құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: