Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Максим Елизаров. Қазақстанда карантин кезінде қандай туристік нысандар жұмыс жасап жатыр, ал қайсылары жабық, оны ҚазТАГ тілшісі зерттеп көрген еді.
Алакөл көлі ашық. Алайда 5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы туризм және ішкі байланыс басқармасының басшысы Марат Қабақов мәлімдегендей, демалу үшін шұғыл немесе ПТР тест тапсырғандығыңыз туралы анықтама болу керек. Бұл ретте бір отбасы немесе бір топ үшін бір анықтама жеткілікті.
Алматы облысында орналасқан Көлсай көлі, Алтын Емел ұлттық паркі мен Шарын шатқалы ашық, алайда жақында Көлсай көлінің аумағына демалыс күндері 18-19 шілдеде кіруге тайым салынды.
Қарағанды облысында орналасқан Ошағанды шатқалы ашық. Жергілікті турфирмалар NEOWISE кометасын суректе түсіру үшін палаткада тұруға арналған екі күндік сапарды ұсынады.
Приозерск, Балқаш және Қарқаралы ішінара ашық. Қарағанды облысы бас сандәрігері Қанат Асқаровтың қаулысына сәйкес өңірде жағажайлардың жұмысына тыйым салынған, бірақ үйлер мен демалыс аймақтарының, санаторийлер мен профилакторийлердің жұмысына рұқсат берілген. Шектеу 3 тамызға дейін жалғасады, ұзартылуы да мүмкін.
Бұқтырма су қоймасы ішінара ашық. Шығыс Қазақстан облысы бас сандәрігері Магомед Исмаиловтың қаулысына сәйкес жағажайлардың, бассейндердің, аквапарктердің, қоғамдық монша, сауналардың жұмысына тыйым салынған. Жұмыс күндері жеке немесе үш адамнан көп емес топ болып скверлерге, парктерге, алаңдарға, жағалауларға баруға рұқсат етілген. Шектеу 2 тамызға дейін жалғасады, ары қарай ұзартылуы да мүмкін.
Ақтаудағы Приморск қаласы да ішінара ашық. Маңғыстау облысы бас сандәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес қалалық және қоғамдық жағажайлардың жұмысына тыйым салынған. Алайда жеке немесе үш адамнан көп емес топ болып скверлерге, парктерге, алаңдарға, жағалауларға және т.б. жерлерге баруға рұқсат етілген. Қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылған, алайда таксимен немесе жеке көлігіңізбен жүруге болады. Өңірдегі карантин 3 тамызға дейін жалғасады, одан кейін ұзартылуы мүмкін.
Бурабай мен Зеренді жабық. Қонақ үйлерге брондауға өтінім қабылдауға тыйым салынған. Жағажайлар, сауналар мен бассейндер жабық. Ақмола облысы туризм басқармасының ақпарына сәйкес шектеу 24 шілдеден 3 тамызға дейін жалғасады. Ұзартылуы да мүмкін.
Баянауыл демалыс аймағы да жабық. Павлодар облысы бас сандәрігері Батырбек Әлиевтің қаулысында карантиннің ұзақтығы көрсетілмеген.
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы жабық. Шектеу ұзақтығы көрсетілмеген.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46