Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды,  

Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидаттың тегі енгізілген – еліміздің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚХКП өкілі Тұрғын Сыздықов және кәсіподақ федерациясының басшысы  Әбілғазы Құсаинов.  

ОСК ақпарынша сайлаушылар 9 млн 515 мың адамды құрайды. Шамамен 20 мыңдай қазақстандық шетелден дауыс бере алады.

Кезектен тыс сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға 9965 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Оның ішінде 9741-і учаскелік сайлау комиссиясы, 171-і аудандық, 37-сі қалалық және 16-сы облыстық, Астана мен Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары.  

Сайлауды 1 мыңнан астам халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдері бақылауда.  
Сонымен қатар, дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімінде президенттікте үміткерлердің шамамен 30 мыңдай сенімді тұлғасы, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.  

Сайлау учаскелері сағат 20.00-де жабылады.  

27 сәуірде ОСК сайлаудың алдын-ала қорытындысын жария етеді. 7 күн ішінде дауыс беру қорытындысы шығарылады.  

adimage