Қазақстанда халықтың әлеуметтік қорғалмағандары 1 млн адамға дейін артуы мүмкін

Күні: 16:47, 23-11-2015.

Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтағыларының саны 1 млн адамға дейін артуы мүмкін, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.  
«Бұл айда күн көріс деңгейінің ең төменгі мәні 21 226 теңге болғанын немесе жыл басымен салыстырғанда 11,4%-ға артқанын айтқан болар едім. Негізгі азық-түлік түрлеріне бағаның көтерілуінен келіп біз осал топтағы адамдар саны артады деп күтеміз. Олардың саны 1 млнға жетер деп ойлаймыз», - деді Т. Дүйсенова дүйсенбі күнгі үкімет отырысында.
«Сондықтан Кәрім Қажымқанұлы (ҚР премьер-министрі К. Мәсімов – ҚазТАГ) сізден сұранатымыз, жергілікті атқару органдарына: біріншіден – контингентті тағы анықтап, оларға нақтылықты күшейту (әлеуметтік көмекті – ҚазТАГ), қажет болса, өз бюджеттеріңізге түзетулер енгізіп, және үшіншіден – біз биыл облыстардың 38 ауданында әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмекті пилоттап отырмыз. Егер отбасында еңбекке жарамды адам бар болатын болса, ол міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етудің жол картасына қатысуы керек, ал ондай адамы болмса, онда оның кірісін ескеру керек», - деді ол.
Оның айтуынша, осындай пилоттық жобаны барлық аймақтарда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастау керек.


Жаңалықтармен бөлісу: