Қазақстанда кинотеатрлар, театрлар, кейбір қоғамдық тамақтану нысандары, бильярд, караоке клубтары жұмыстарын бастайды

Күні: 13:02, 14-04-2021.

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда кинотеатрлар, театрлар, кейбір қоғамдық тамақтану нысандары, бильярд, караоке клубтары жұмыстарын бастайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етілсін: - бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап: кинотеатрлар; театрлар және филармониялар; банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі нысандарды қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары; ерікті қатысушылар», - делінген сәрсенбідегі Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.
Екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап: облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары жұмыстарын жандандыра алады.
Ал үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап: 1) караоке; 2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр) жұмыс жасайтын болады.
«2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне таратылады. Сондай-ақ, «Ashyq» пилоттық жобасын йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг клубтарда іске асыруды жалғастыру жазылған», - делінген құжатта.
Ashyq жобасына қатысу үшін барлық жаңа қатысушылар InfoKazakhstan.kz. сайты арқылы өтінім бере алады.


Жаңалықтармен бөлісу: