Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе мәжбүрлі болуы мүмкін

Күні: 19:14, 12-06-2020.

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе мәжбүрлі болуы мүмкін, деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
«Жалпы бұл екпе пайда болған кездегі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер эпидемиологиялық жағдай екпені талап ететіндей болса, онда ол эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша міндетті екпелер қатарына енгізіледі», - деді Ақтаева жұма күні «Денсаулықмині хабарлайды» онлайн-бағдарламасының хабарында.
Бұл ретте ол «азаматтардың келісімін беру немесе бас тарту құқығы сақталатынын» атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: