Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 200-ден асты, тағы 23-і жұқтырды

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 200-ден асты, тағы 23-і жұқтырды, деп хабарлады елдегі COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурстан.
«КВИ-ден 53 адам жазылды: Нұр-Сұлтанда – 46, Атырау облысында – жетеу. Қазақстанда жалпы жазылғандар саны – 203 адам», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар саны 23-ке өсті. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 1202-ге жетті.

adimage