Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 1290-ға жетті

Күні: 18:23, 15-04-2020.

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 1290-ға жетті, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабынан.
«Жалпы елімізде коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 1290 жағдайы расталды», - делінген 15 сәуір 17.25-те таратылған Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Жедел штаб ақпарынша, коронавирусты инфекцияны жұқтырудың тағы 15 жаңа дерегі тіркелді: Нұр-Сұлтанда – 3, Алматыда – 10, Алматы облысында – 1, Қызылорда облысында-1.


Жаңалықтармен бөлісу: