Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты

Күні: 18:28, 28-04-2020.

Астана. 28 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабынан.
«Коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар саны 37-ге өсті. (...) Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың барлығы 3019 дерегі тіркеліп отыр», - делінген 28 сәуір 17.40-та таратылған Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Жедел штаб ақпарынша, коронавирусты жұқтырудың жаңа 37 дерегі тіркелді. Оның ішінде Нур-Султан (екі), Алматы (10), Ақмола (бір), Шығыс Қазақстан (бір), Маңғыстау (бір), Ақтөбе (төрт), Алматы (12), Қызылорда (үш) және Қарағанды (үш) облыстарында тіркелді.


Жаңалықтармен бөлісу: