Қазақстанда крещен аяздары -35 градус болады деп күтілуде

Күні: 13:57, 18-01-2016.

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда крещен аяздары 19-20 қаңтарда болады деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Суық антициклон Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ықпал етеді. Ол жерлерде 19-20 қаңтарларда нағыз крещен аяздары келіп, түнде ауа температурасы минус 30-35ºС және күндіз 20-25º болып, оған күшті жел мен сырманы қоссаңыз ол аяз одан да суық болып сезіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бірақ 21 қаңтарда антициклон мен аяз шығысқа ығысады. Бұл ретте республиканың батысында қар жауып, 15-25 м/с жел соғып, ауа температурасы климаттық нормадан 3-8º жоғары болады.
«Оңтүстікте де жылы, жауын-шанысыз болады», - деді ведомстводан.


Жаңалықтармен бөлісу: