Қазақстанда КВИ мен COVID-19 белгісі бар пневмонияны жұқтырғандар саны 30 мыңнан асты

Күні: 18:59, 16-09-2020.

Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекцияны (КВИ+) жұқтырғандар саны 106 984, ал COVID-19 белгісі бар пневмонияны (КВИ-) жұқтырғандар саны 30 мыңнан асты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«13 наурыз 16 қыркүйек аралығында КВИ+: ауырғандар – 106 9984 (өткен тәулікте 64), адам өлімі – 1680 (өткен тәулікте бес адам); 1 тамыз 16 қыркүйек КВИ-: ауырғандар – 30 074 (өткен тәулікте 408 адам), адам өлімі – 332 (өткен тәулікте бір адам)», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қазіргі таңда, денсаулық сақтауминінің ақпарынша, COVID-19 дертінен 4037 адам ем алуды жалғастырып жатыр, олардың 37-сі бала. Стационарларда 2221 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 1816.
«125 адамның жағдайы ауыр, 16 – ның жағдайы нашар, 18 – і ӨЖЖ аппаратына қосылған», - деді ведомстводан.
Қазақстанда КВИ-ден, ресми ақпар бойынша 101 267 адам жазылған.


Жаңалықтармен бөлісу: