Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізбесіне өзгеріс енгізді

Күні: 12:27, 05-04-2017.

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізбесіне өзгеріс енгізді. Тиісті қаулы ресми басылымда жарияланды.  
«ҚР Үкіметі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы етеді», - делінген құжат мәтінінде.  
Сонымен, құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызды азық-түлік қатарына мыналар жатады:  бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны; бірінші сортты бидай ұны; макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе; жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары; тазартылған күріш, картоп, жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (жауырын-төс бөлігі, тауық еті, тауық саны Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5%; Айран: майлылығы 2,5%; сары май:тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес,толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ; І санатты тауық жұмыртқасы; Ac тұзы («Экстра»-дан басқа); сүзбе (5-9% майлылығы).
Бұған дейін әлеуметтік маңызды азық-түлік қатарына мыналар жатқан болатын: қой еті сүйектерімен, қызылша, шай (қара, түйіршіктелген), ірімшік (қатты), вермишель жіне лапша, арпа жармасы, ұнтақ жарма және сұлы жармасы.  
Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: