Қазақстанда Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын тойлау ЮНЕСКО-ның мұрындығымен өтеді

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Мирхат Әжіғалиев. ЮНЕСКО қазақтың қоғамдық қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын Қазақстанда 2016 жылы тойлау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университеттің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққуұлы.
«ЮНЕСКО ұсынысты бас конференциясының 38-ші сессиясында мақұлдады, енді үкімет Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен тойлау жоспарын қабылдауы керек», - деді С. Аққұлұлы сейсенбі күнгі брифингте.  
Одан басқа, ол қазақстандық ғалымдардың атынан Әлихан Бөкейхановтың есімін елордадағы бір ЖОО-ға беруді ұсынды.
«Бұл идея қазақ басылымдарында айтылған, бірақ мен оны тұңғыш рет орыс тілінде айтып отырмын», - деді С. Аққуұлы.
Әлихан Бөкейханов – қазақтың қоғамдық қайраткері, мұғалім, журналист, этнограф. «Алаш» партиясының көш басшыларының бірі, 1917 жылы – Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары. Алаш автономиясының төрағасы – 1917-1920 жылдары.
Ә. Бөкейханов Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі. 1920-1930 жылдары үш рет НКВД қамауға алған. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясымен «террорлық ұйымға» қатысы бар деген жаламен сотталып, ату жазасына кесілген.

adimage