Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Күні: 10:20, 03-06-2013.

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда 3 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды.

БҒМ мәліметінше, биыл Қазақстанда ҰБТ оныншы рет өткізіледі. Тестілеу 3-15 маусым аралығында ҰБТ-ның 155 пунктінде өтеді.

Биыл мектептерді 140 мыңға жуық түлек бітіреді, соның ішінде 70% немесе 100 мыңға жуығы ҰБТ тапсырады деп жоспарланған.

Тестілеудің шекті деңгейі бұрынғыдай 50 балл, жалпы медицина мамандықтары үшін 55 балл, ұлттық ЖОО-ға түсу кезінде - 70 балл болып қалады.

Сондай-ақ, ұлттық ЖОО-ның ақылы бөлімдеріне түсетіндер үшін шекті деңгейлер өзгертілді: білім, ауыл шаруашылық ғылымдары және ветеренария саласының мамандықтары үшін шекті деңгей 60 баллға дейін төменетілді.

Бұған дейін ҚР білім және ғылым министрі (БҒМ) Бақытжан Жұмағұлов хабарлағандай, мағынасыз ҰБТ сұрақтарының 30%-дан астамы өзгертілді.

«Біз барлық сұрақтардың мазмұнының стандарттарға сәйкес болуын тексердік. Оның үстіне бүгінде осындай мағынасы жоқ көптеген сұрақтарды алып тастауға тырыстық. Сондықтан ҰБТ-ның барлық тест сұрақтарының 30-36% пайызы толық жаңартылды», - деді Б. Жұмағұулов биыл қаңтар айында.

Министрдің айтуынша, сұрақтарды түзету кезінде логика мен шығармашылық ойлауды дамытуға абсымдық берілді.

Мұнымен қоса, «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры биыл ҰБТ өткізу барысында ешқандай да тәжірибелер жүргізілмейтінін атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: