Қазақстанда «Ұлы дала елі» ұлттық бренді жасалып жатыр

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда «Ұлы дала елі» (Страна Великой степи) ұлттық бренді жасалып жатыр, деп мәлім етті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының төраға орынбасары Нұржан Әлтаев.
«Бүгін бізде форум аяқталысымен «Ұлы дала елі» деп аталатын үлкен ұллтық бренд жасалатыны туралы жария етіледі», - деді Н. Әлтаев жұма күні Қазақстан тауар өндірушілерінің І форумында.
Оның айтуынша, ол бренд өнімнің Қазақстанда шығарылғанын паш етеді.
«Біз бренд алғысы келетін кәсіпорындарға аудит жасап отырамыз. Екіншіден, бұл тауар сапалы дегенді білдіреді. Үшіншіден, ол бренд осы тауарды Қазақстан халқы мойындады дегенді білдіреді», - деді ол.  
Жоспар бойынша ол бренді жекелеген кәсіпорындар ғана алады деп күтілуде. Олар Air Astana, «Рахат» және басқалары.
«Жылына тауарларын халық мойындаған небары 4-5 кәсіпорынға осындай «Ұлы дала елі» брендін берерміз», - деді ол.

adimage