Қазақстанда маусым айының бірінші жартысында ауа райы жаңбырлы болады, деп болжады синоптиктер

Күні: 16:05, 31-05-2017.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда маусым айының бірінші жартысында ауа райы жаңбырлы болады, екншісінде – салыстырмалы түрде  құрғақ, деп хабарлады   «Казгидромет» РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидт.
«Республика бойынша (маусымның – ҚазТАГ) бірінші жартысында жаңбырлы, екінші жартысында – салыстырмалы түрде құрғақ», - деді М. Шмидт сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.  
Астанада 5 маусымнан кейін тағы да күн салқындайды деп атап өтті ол.  
«Түнде ауа температурасы +2+7 шамасында жылы, күндіз  +15+20 шамасында. Орташа айлық температура шамамен +20 градус, яғни қалыпты норма шамасында. Және жауын-шашынның айлық көлемі де қалыпты шама деңгейінде  - 37 мм. Ал температура құбылып тұрады: түнде   –   +7+12 мен +12+17 аралығында, күндіз   +20+25 пен +31+36 аралығында», - деді гидрометорталығының директоры.
Алдағы күндері елдің солтүстік өңірлерінде  циклон өтеді.  
«Аздап жел күшейеді, бірақ (дауылды құйынға дейін емес – ҚазТАГ) қатты емес», - деп түсіндірді М. Шмидт.


Жаңалықтармен бөлісу: