Қазақстанда мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі «Мың бала» жобасы 6 ақпанда басталады

Күні: 17:28, 09-01-2015.

Астана. 9 қаңтар. азТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылына жоспарланған мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі «Мың бала» жобасы 6 ақпанда басталады, деп мәлім етті төраға орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов.
«Мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі «Мың бала» жобасы басталады, яғни жыл соңына дейін ҚХА аясында ұлты қазақ емес мың бала мемлекеттік тілді біліп шығады. Ол жоба 6 ақпанда басталады», - деді Е. Тоғжанов жұма күні «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ашу туралы» тақырыптағы өткізген брифингте.
Оның айтуынша, 6 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған барлық шараларға бастау беріледі.
«Ассамблея жылын өткізуге арналған арнайы мемлекеттік комиссия құрылды, сондықтан комиссия жұмысының аясында ұлттық жоспар құрылып, ел үкіметінің қаулысымен қабылданған», - деді Е. Тоғжанов
Оның айтуынша, 2015 жылы 1 желтоқсанда ҚХА жылының қорытындысы шығарылады. Барлығы жүздеген шаралар жоспарланған, оның ішінде 10 ірі жоба бар. Олардың бірі «ҚХА 20 жылдығына 20 игі іс» деп аталады. Сондай-ақ елбасы қатысатын ҚХА-ның мерейлі сессиясына дайындық жүріп жатыр.
Одан басқа, жастардың «Қамқор» қозғалысы Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне көмек көрсетеді.
Е. Тоғжанов қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған 100 шараның 30-ы тікелей ҚХА қатысуымен өтеді.
«Бейбітшілік және келісім жол картасының екінші кезеңі бөлек бастау алды. Ол Біздің елдің барлық өңірін қамтиды. Бүгінге 2 миллион адам қамтылған, олардан 10 мыңы нақты әлеуметтік көмекпен», - деді ол.
Одан басқа, 15 қаңтардан бастап Қазақстанның барлық орта мектептерінде 1-10 сыныптар бейбітшілік пен келісім тақырыбында шығарма жазады. Байқау қорытындысын наурыз айының соңында шығарады.
«5 күні (қаңтардың) халықаралық жоба Швециядағы Уппсала қаласында бастау алды. Онда біздің шетелдік достарымыздың өтінішімен біздің елдің үлгісі таныстырылды. Бірнеше мемлекетте, оның ішінде Лондондағы бейбітшілік және келісім орталығында да таныстырылым өтеді», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, 2014 жылғы тамызда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «елдегі қоғамдық келісімді одан ары бекіту және ұлттық тұтастықты қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін көтеру мақсатында «2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы»  жарлыққа қол қойды.  


Жаңалықтармен бөлісу: