Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстанда 8-12 наурызда тұрақсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанда мереке және демалыс күндері көктемгі тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы және шығыс өңірлерінде, жаңбыр басым, жауын-шашын, қатты жел, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, температураның жоғарылауын шақыратын циклон, Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8...13, кейбір жерлерде 18, 15...20, кей жерлерде 25 градус, шығысында 3...8 жылы болады.
Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары келе бастайды. Осыған байланысты қар мен жаңбыр, сондай-ақ боран, көктайғақ, желдің екпіні 15-23 м/с дейін және күн суытады деп күтілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46