Қазақстанда нан бағасы 2015 жылғы қыркүйекке дейін өзгермейді – АШМ

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда нан бағасы 2015 жылғы қыркүйекке дейін өзгермейді,  деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
«Мемлекеттік комиссия келесі жылғы қыркүйек айына дейін нан бағасын өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Бірінші сорттағы нан мен ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында арзандату болады, яғни ешқандай баға көтерілу болмайды», - деді министр дүйсенбі күні журналистерге парламенттегі үкімет сағатында.
Ол бұған керек субсидиялар бөлінетінін қосып айтты.

adimage