Қазақстанда наурыз айының соңғы күндері жаңбыр және қар жауады деп күтілуде

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда наурыз айының соңғы күндері жаңбыр және қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты, елімізде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашыны жиі болып тұратын тұрақсыз ауа-райы сақталады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ күтіледі»,- деп хабарлады сәрсенбіде.
Синоптиктердің ақпарынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады.

adimage