Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда 1 қарашадан бастап «Оқулықтың сапасына қоғамдық баға» атты арнайы портал жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің арнайы порталы.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы 1 қарашадан «Оқулықтардың сапасына қоғамдық баға» арнайы порталының жұмыс бастағаны туралы хабарлайды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.
Бұл портал беріліп жатқан оқулықтар мен ОӘҚ қоғам өкілдерінің қол жетімділігіне және ол бойынша ескертулер мен ұсыныстар білдіруге мүмкіндік береді. Портал www.expert.okulyk-edu.kz адресі бойынша «Оқулық» Республикалық ғылыми-пратикалық орталығының сайтында орналасқан. Педагогтар мен ата-аналарды, БАҚ өкілдерін және барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды оқулықтарға қоғамдық баға беруге қатысуға шақырамыз және өздеріңіздің ескертулер мен ұсыныстарыңызды қалдыруларыңызды сұраймыз.
Сіздердің ойларыңыз оқу әдебиеттерінің сапасын жетілдіру үшін өте маңызды.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51