Қазақстанда «Орман отырғызудың ұлттық күні» 16 сәуірде бастау алады

Алматы. 13 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда «Орман отырғызудың ұлттық күні» айлық түрінде 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.
«Бір ай бойына миллиондаған өз еркімен қалағандар орманға жаңа тіршілік береді. Біздің елімізде жыл сайын көктем мен күзде орман, естелік аллея отырғызғысы келетін адамдар саны көбейіп келеді. Бұл, Жердің қайталанбас табиғатын құтқарсақ деген ниеттегі адамдардың басын біріктіретін ізгілікті дәстүр», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Акцияны өткізгенде ауа райының жағдайы ескеріледі. Жекелеген өңірлерде бұл акция ертелеу, ал бір жерлерде жағдайға қарай кештеу өткізіледі.
Акцияға қатысу үшін «Орнықты даму» Жер Қорына телефон шалып, көшеттерге тапсырыс беріп, тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен бірнеше сағат еңбек етуге дайын болғаныңыз дұрыс.
Акцияны ұйымдастырушылар «Орман отырғызудың ұлттық күні» орманды алқапты қалпына келтіріп, сақтау үшін, қаладағы жасыл алқапты абаттандыру, сондай-ақ Қазақстан ормандарын қалпына келітурге ресурстарды тарту үшін керек екенін айтып отыр.

adimage