Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Астанада мәслихаттың тұрақты комиссиясының ашық тыңдаулары өтіп, онда депутаттар елордадағы көші-қон ахуалын талқылады, деп хабарлады Астана әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Талқылау барысында депутаттар көші-қон үдерістерін реттеудің бір проблемасы - азаматтардың тұрған мекен жайында тіркеусіз тұратындығы және уақытша тұратын жерлерде есепке алынбайтындығында екенін атап өтті.
«Ішкі көші-қонды реттеуде шектеу нормалары жоқ, ол үй иелеріне өздерінің тұрғын үй ауданында жүзге дейін ҚР азаматтары мен шетелдіктерді тіркеуге алуға мүмкіндік береді. Және Астанаға басқа өңірлерден келетін және шетелден келетін еңбек көші-қонушыларды есепке алу тетігі жоқ», - делінген әкімшілік сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды. Депутаттар бұл мәселені қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында егжей-тегжейлі қарауды ұсынды.
Тыңдауға аудандардың әкімдерінің орынбасарлары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, прокуратура, ҰҚК шекара қызметінің, БАҚ өкілдері қатысты.
Елордада шетелдіктердің келуі, олардың заңнама талаптарын сақтауы бақылауға алынды. Заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету бойынша өткізілген республикалық арнайы іс-шара аясында және шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында "Нелегал-2014" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 1599 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, 1492 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік сот шешімімен 92 азамат мемлекеттен аластатылды.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің еңбек ету үшін елордаға шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану бойынша заңнама талаптарын сақтауын бақылау жүзеге асырылады. Ішкі көші-қон ағынын оптимизациялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45