Қазақстанда пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлерін қайтарып алу мерзімін екі есеге қысқарту ұсынылуда

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлерін қайтарып алу мерзімін екі есеге қысқарту ұсынылуда, деп мәлімдеді ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.
«Пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлерін қайтарып алу мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқарту, космомониторинг мәліметі негізінде сот тәртібімен қайтарып алу, қағаз түрінде хабарлама жіберуді SMS-хабарландыру арқылы  электронды форматқа көшіру бойынша заң жобасы әзірленді, қазір ол үкіметте қаралуда», - деді Омаров сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол еске салғандай, космомониторингті қолданудың қанатқақты жобасы 2020 жылдың басында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында іске қосылған. Нәтижесінде 8,3 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлері анықталды, оның 7,6 млн га – жайылымдық жер, 700 мың га басқа мақсаттағы жерлер.

adimage