Қазақстанда ҚПК реформасы тіпті келісімшарт міндеттерін дұрыс орындамағандарды қылмыстық қудалауға әкелді - сарапшы

Күні: 19:14, 04-11-2016.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қазақстанда ҚПК реформасы тіпті келісімшарт міндеттерін дұрыс орындамағандарды қылмыстық қудалауға әкелді, деп есептейді ҚР Республикалық адвокаттар коллегиясының төрағасы Әнуар Түгел.
«Жаңа ҚПК-нің қолданыстағы бір жыл ішінде қылмыстық процестер орбитасына тартылған азаматтар саны арта түсті. ҚПК реформасы қылмыстық істер санының артуын тудырды, әсіресе келісімшарт міндеттерін лайықты түрде орындамау деректері бойынша. Қазіргі кезде бір тарап қана шағым берсе жеткілікті, екінші тарап қылмыстық қудалауға ұшырайды және келісім шарттарын орындамағаны үшін күдіктілер қатарына жатады», - деді Ә.Түгел, адвокаттардың ІІ қазақстандық «Құқық басымдығы мен адвокатураның қазіргі заманғы үрдістері» («Верховенство права и современные тенденции развития адвокатуры») атты форумда.
Бұл ретте ол «Алаяқтық» бабына кез-келген азаматтық-құқықтық қатынастардың түсіп жатқанын атап өтті.
«Бұған ҚК-те біздің «Алаяқтық» бабы бойынша мәселені шешпегеніміз де ықпал етіп отыр. Алаяқтық туралы осы нормаға кез келген азаматтық-құқықтық қатынастар түседі. Қазір, дағдарыс жағдайында, біздің шартты қатынастарымыз берік болмаған жағдайда, шартты қарым-қатынастарды орындау құқыққорғаушы орган түріндегі құқықты пайдаланушының алаяқтығы үшін адамдарды жауапқа тартуына алып келіп жатыр. Және бұл проблемаға айналды», - деді ол.  
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей оны бұздырмақшы.


Жаңалықтармен бөлісу: