Қазақстанда ҚР Тұңғыш президенті күнін атап өтуде

Күні: 10:34, 01-12-2015.

Алматы. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда ҚР Тұңғыш президенті күнін атап өтуде.
ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған шараларға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.
Астанада мерекелік тойлау аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар мәдени және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, Astana Opera театрының камералық залында «Елім деп соққан жүрегі» атты мерекелік концерт өтеді.
Кеш бағдарламасында қазақтың, орыс және батысеуропалық композиторлардың вокалдық және аспаптық шығармалары орындалады. Бағдарламада Н. Назарбаевтың сүйікті әндері ерекше орын алады. Олар -  «Дудар-ай», Е. Хасанғалиевтың «Мереке күніңмен», «Коробейники» және т.б. Одан басқа, тыңдармандарға М. Гранжанидің «Ария в старинном стиле», Р. Мендесаның өңдеуіндегі Ж. Бизенің «Кармен» операсынан атақты «Хабанера» ұсынылады.
Одан басқа, 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Дәулет» спорт кешенінде әуесқойлар арасында теннистер ҚР чемпионатының ашық турнирі өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар осындай чемпионат өткізілген сайын оған қатысушылар саны мен олардың шеберліктері өсіп келе жатқанын айтып отыр. Сондай-ақ 7 желтоқсанда АЛЖИР мұражайында «Елбасы – данышпен көшбасшы» тақырыбында көрме өтеді. Елорда кітапханаларында Елбасына арналған көрмелер өтеді.
Бүкіл елде де мерекелік шаралар өтеді.
Еске салсақ, жаңа мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш президенті күнін бекіткен заң 2011 жылы желтоқсанда қабылданды. Бірінші рет ол мереке Қазақстанда 2012 жылы аталып өтілді.
ҚР Тұңғыш президенті күні Н. Назарбаевтың ел алдында сіңірген еңбегін мойындау мақсатында тағайындалды. Мерекені тағайындау туралы ұсынысты Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бір топ депутат көтерді.
Мереке күнінің датасын таңдауға тарихи алғышарт болғаны 1991 жылғы 1 желтоқсанда орын алған оқиға болды. Сол күні алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақ ССР президенті лауазымына Н. Назарбаев қайта сайланған болатын. Президент ретінде оның алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қоюы болды, ал 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.  


Жаңалықтармен бөлісу: