Қазақстанда сүзгісі бар сигареттердің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы бекітілді

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда фильтерлі сигареттердің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы бекітілді. Бұл туралы қаулы 7 қазанда мемБАҚ-тарда жарияланды.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен бөлшек баға екі жүз теңге мөлшерінде белгіленсін.».
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, деп көрсетілген ресми БАҚ-тарда жарияланған қаулы мәтінінде.

adimage