Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтардың тек 3%-ы қайта өңделеді

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы массасының тек 3%-ы ғана қайта өңделеді, делінген «Қазақстан мемлекеттік- жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ хабарында.
«Қазақстанда ТҚҚ қайта өңдеу үлесі тым аз және жалпы массасының тек 3%-ын ғана құрайды. Ал АҚШ пен Франция сынды елдерде ТҚҚ қайта өңдеу үлесі сәйкесінше, 46% және 64%-ды құрайды, ал аумағын шағын Бельгия мен Жапония сынды елдерде 82% және 96%-ды құайды», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, Қазақстанда ТҚҚ 90%-дан астамы арнайы полигондарға көму үшін шығарылады.
«Қазақстанда жинақталған ТҚҚ жалпы көлемі 100 млн тоннадан асады, және жыл сайын орташа алғанда 5-6 млн тоннаға артып отырады. ТҚҚ көлемі халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын жаны халық саны артқан сайын алдағы жылдары жылына 8 млн тоннаға дейін артып отырады», - делінген мәтінде.
Бұл ретте ТҚҚ көму орындарының тапшылығының бір себебі қолданыстағы полигондардың ескіргені және олардың өздері жөндеуді қажет етіп, жыл сайын өсіп отырған қалдық көлемін сиғыза алмай жатуында. Бірақ мәселені шешудің басты жолы - қалдықтарды қайта өңдеу, делінген хабарда.
«Әлемде ТҚҚ қайта өңдеу кеңінен қолданылады, оның ішінде  ПЭТ (полиэтилентерефталат) құтылар мен ПЭ полиэтиленді флекстерге өңдеу, макулатураны талшықты парақтарға, шыны мен рәзіңкені рәзіңке түйіршіктеріне айналдыру және оларды кейін сату кеңінен қолданылады», - делінген хабарда.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, ТҚҚ өңдеуде мемлекеттік қолдаудың әр түрлі сұлбалары қолданылады. Мысалы, Канадада мемлекет «Өндірістік қалдықтарды көмуді жетілдіру, оның ішінде метан мен көмір қышқыл газды кәдеге асыру» жобасын қолдайды, Ванкуверде – шикізатты жеткізіп тұруға кепілдік берілген.  
Кореяда ТҚҚ пайдалану арқылы алынатын биогаздың негізінде электр энергиясын өнідіріп тұрған Dongdaemun Environmental Resources Center жобасы бойынша мемлекет қаржылық көмек көрсетіп отыр. АҚШ-та жыл сайын халық ресурстарды үнемдеп пайдаланып, тұрмыстық қалдықтарды азайту бағдарламасына $35 млн шамасында бөлініп тұрады.
«Бүгіндері Қазақстанда қоқысты өңдейтін екі зауыт Алматы мен Астанада істеп жатыр, сондай-ақ Шымкент пен Ақтауда ол іске қосу қарсаңында. Дегенмен көптеген өңір ТҚҚ өңдей алмай отыр. Оларда полигондарында тонналаған қалдықтар шіріп, ауа мен жерге қауіпті заттарды бөліп жатыр», - делінген мақалада.  
Осы жағдайдан шығудың жолы ТҚҚ өңдеуді жекеменшік қолға беруде және мемлекеттік – жекеменшік серіктестік (МЖМС) сұлбасын қолдануда, деп есептейді «Қазақстан мемлекеттік- жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ.  
«Аталған сұлбаның оң жағы - жеке кәсіпкер ТҚҚ жинауда және оны өңдеуде шығынды азайтып және оны тұрақтандырып, өндірісті тиімді етуге тырысатындығында. Мемлекет өз кезегінде өзінің араласуын азайтар еді. Жекеменшік иесі ТҚҚ өңдеуді өзінің пайдасына асырып, ақша табуға тырысады. Бизнесмен МЖМС ВОТ (салу, пайдалану және тапсыру) сұлбасын пайдалану арқылы ТҚҚ өңдейтін зауыт сала алады және оны шарттасқан уақыт аралығында басқара алады», - делінген мәтінде.
Сонымен қатар жобаның тартымдылығы мен табысты іске асыру үшін ТҚҚ бөлек жинау жүйесін енгізу керек болады.
«Қазақстандықтар қалдықтарын бөлек жинау арқылы ТҚҚ өңдеуге көмектесе алады ма? Ол үшін халықты тұрмыстық қалдықтарын бөлек жинауға ынталандыру керек. Астанада пайдаланылған шамдарды бөлек жинайтын контейнерлер пайда болды және ТҚҚ бөлек жинау бойынша пилоттық жоба басталды. 36 тұрғын үй мен 17 ПИК жанында үш түрлі түстегі контейнерлер (көк, сары және жасыл) қойылды. Олар қағаз, пластик және аралас қалдықтарды жинауға арналған», - делінген хабарда.

adimage