Қазақстанда Тұңғыш президент күні аталып өтілуде

Күні: 10:49, 01-12-2014.

Алматы. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – 1 желтоқсан Қазақстанда ҚР Тұңғыш президент күні аталып өтілуде.
Мереке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың штандартты көтеру және мемлекеттік қорғау қызметінің байрағын табыстау салтанатты рәсімінен басталады.
Күтіліп отырғандай, Н. Назарбаев елордалық «Сарыарқа» велотрегінде өтетін «Бір Отан! Бір бақыт! Бір көшбасшы!» іс-шарасына қатысады.
Одан өзге, дәл осы күні ҚР президенті туралы «Тығырықтан жол тапқан» атты жаңа фильмнің тұсаукесері өтеді. Бағдарламаға сәйкес, кешкісін мемлекет басшысы елдің басты шыршасын жағады.
Бүкіл ел бойынша мерекелік іс-шаралар өтеді.
Еске сала кетейік, жаңа мемлекеттік мейрам – ҚР Тұңғыш президент күнін белгілейтін заң 2011 жылдың желтоқсанында қабылданған болатын. Бұл мереке алғаш рет Қазақстанда 2012 жылы аталып өтілді.
ҚР Тұңғыш президент күні Н. Назарбаевтың ел алдындағы еңбегін мойындау мақсатында жарияланған. Мейрамды жариялау туралы ұсынысты бір топ депутаттар Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында ұсынды.
Мереке датасын таңдауға 1991 жылдың 1 желтоқсанында орын алған оқиға тарихи алғышарт болды. Сол күні бірінші жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Назарбаев Қазақ КСР президентінің міндетіне қайта сайланған еді. Оның тұңғыш қадамдарының бірі 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы заңға қол қою болатын, ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздгін жариялады.


Жаңалықтармен бөлісу: