Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы 2018 жылы екі рет көтеріледі

Күні: 14:28, 28-09-2017.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы келесі жылы Т300-ден Т360-ға дейін артады. Тиісті өзгерістер 2007 жылғы 4 сәуірдегі «Сүзгісі бар және сүзгісіз темекі өнімдері мен шылымның ең аз бөлшек бағаларын белгілеу туралы» шешіміне енгізілді.
Құжатта көрсетілгендей, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін сүзгісі бар, сүзгісіз және 20 шылымға арналған ең аз бөлшек сауда бағасы T320 мөлшерінде; 2018 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін - Т340; 2018 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін - Т360 мөлшерінде бекітіледі.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сүзгісіз және сүзгісі бар сигарет пен 20 шылымға арналған ең аз бөлшек сауда бағасы T380 деңгейінде белгіленді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сүзгісі бар 20 шылымға арналған ең аз бөлшек сауда бағасы T300 мөлшерінде белгіленген.


Жаңалықтармен бөлісу: