Қазақстандағы баспасөз бостандығының ахуалы Руандаға қарағанда төмен

Күні: 11:29, 24-04-2020.

Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ – «Шекарасыз репортерлер» (RSF) халықаралық ұйымының ақпары бойынша Қазақстан баспасөз бостандығы индексінде 180 орынның 157-сіне орнықты, оның алдында Өзбекстан, Руанда және Түркия тұр, ал Сингапур, Судан және Бурундиде жағдай біздегіден де төмен екен.
«2019 жылғы маусымдағы президент сайлауы әр адамның пікірін еркін білдірудің бастамасы болғандай: азаматтық қоғам бұрын болып көрмеген қарсылықтарды ұйымдастырды, онлайн-жаңалықтар репортажы сапасы бойынша жақсарды және барынша оқыла бастады, ал үкімет өзінің реформалық бағытына қандай да бір сенім ұялату үшін аздап көнгендей болды. Алайда бұл ретте мемлекет қуғын-сүргін тәсілдерін жаңартып жатыр, атап айтсақ, ғаламторға барынша бақылауды күшейтті; жаңалықтар сайттары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталып жатыр, ал блогерлерді абақтыға қамайды немесе писхиатриялық емханаға жатқызады», - делінген RSF ресми сайтында.
Посткеңестік елдер арасынан келесі елдердегі жағдай барынша жақсы: Эстония (14-орын). Латвия 22-орын, Литва – 28-орын, Грузия – 60-орын, Армения – 61-орын, Қырғызстан – 82-орын, Молдова – 91-орын, Украина – 96-орын, Ресей – 149-орын, Беларусь – 153-орын, Өзбекстан – 156-орын, Тәжікстан – 161-орын, Әзірбайжан – 168-орын, Түркменістан – 179-орын.
Рейтингтің алғашқы үш жолына Норвегия, Финляндия және Дания, соңғы үш жолында – Эритрея, Түркіменстан мен Солтүстік Корея орналасқан.


Жаңалықтармен бөлісу: