Қазақстандағы ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Т3825-ке артады

Күні: 14:38, 20-10-2017.

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері (КДМ) Т24 459-дан Т28 284-ке дейін артады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
«Халықтың тұтыну құрылымы өзгерді, егер бұрын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60% -ы азық-түлік қоржыны және 40% -ы азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерден тұрған болса, енді жаңа құрылымда сәйкесінше,  55% -те 45% болып өзгерді.
Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі шамамен 16% -ға артады. Абсолюттік мәнде, бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңге, ал болжамда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 28 228 теңгені құрайды», - деді жұма күні өткен брифингте С. Жақыпова.
Оның айтуынша, күнкөріс деңгейінің ұлғаюы мүгедектік бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы мөлшеріне, асыраушысынан айрылған кезде және базалық зейнетақы төлеміне оң ықпал етеді.  
Сонымен қатар, вице-министр 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәсіліне өзгертулер енгізілетінін еске салды. Қолданыстағы нормаларға сәйкес, базалық зейнетақы тең дәрежеде есептеледі, ал 1 шілдеден бастап қызмет өтіліне байланысты есептеледі.
Бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі өтіл ғана емес, сондай-ақ зейнетақы жарналарын аудару кезеңін де қарастырады - жинақтаушы жүйедегі өтілі. 10 жыл немесе одан кем өтілі бар адамдар күнкөріс шегінің 54% -ын алады, одан кейін 10-нан кейінгі әрбір келесі жыл үшін  - 2% -ға дейін үстеме алады, ал 33 жыл немесе одан да көп өтілі барлар күнкөріс шенгінің 100% -ын алады.


Жаңалықтармен бөлісу: