Қазақстандағы әлеуметтік нысандар мүгедектерге қол жетімділігі жағынан тек жартысы ғана төлқұжаттандырылған

Күні: 12:24, 03-02-2015.

Астана. 3 ақпан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Соңғы жылдары 54 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділігі тұрғысынан жасалған тексеруден тек 24 мың мекеме төлқұжат алды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
«Біз мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөнінде жоспар қабылданғанын айтып отырмыз. Ол жоспар  2012 -2018 жылдар аралығына есептелген үш кезеңнен тұрады. Осы жылдары өте үлкне жұмыс атқарылып, әлеуметтік инфрақұрылымның 54 мың нысаны қол жетімділік тұрғысынан тексерілді. Ол 54 мың нысанның тек 24 мыңы төлқұжаттана алды», - деді сейсенбі күні Светлана Жақыпова ҚР парламент сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» заң жобасын қарастырған кеңейтілген отырысында.


Жаңалықтармен бөлісу: