Қазақстандағы меморгандарды елтаңбаны жаңа үлгісіне ауыстыру барысын ІІІ тоқсанда тексереді

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда 2017 жылғы шілде мен қыркүйек аралығында елтаңбаларды жаңа үлгісіне алмастыру барысын тексереді, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу комитетінің баспасөз хатшысы Еркемай Құсайынова.
«Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер туралы заңның сақталуын және қолдануын тексеру жоспарланған. Тексерудің өзі қыркүйекке дейін жоспарланған, ал қорытынды қарашада шығарылады», - деді Е. Құсайынова дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Тексеруді ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі, ішкі істер министрлігі мен бас прокуратура өкілдерінен тұратын инспекциялық комиссия бірлесе  тексереді.
Еске салсақ, Қазақстанда меморгандар 2017 жылғы 1 шілдеге дейін ескі нұсқадағы ҚР елтаңбасы жаңа нұсқасына алмастыруы тиісті.

adimage