Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қазақстандағы сот бақылауы соңы немен аяқталатыны белгілі спектакльдер үшін процессуалды декорацияға айналған, деп санайды адвокат Данияр Қанафин.
«Көптеген құқыққорғаушы институттар, мысалы, сот бақылауы, процессуалдық декорацияға айналды, оларда кейде соңы алдын-ала белгілі заңды қойылымдар ойнатылады», - деді Д.Қанафин жұма күні адвокаттардың ІІ қазақстандық «Құқық басымдығы мен адвакатураның қазіргі заманғы үрдістері» («Верховенство права и современные тенденции развития адвокатуры») атты форумда.
Бұл ретте ол тергеу судьяларының қылмыстық қудалау органдарының пайдасына шешім шығаратынын түсіндірді.
«Тергеу судьялары шығаратын шешімдер, ереже бойынша, қылмыстық қудалау органдарының пайдасына шығарылады. Мәселен, заң бойынша бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау кезінде кепілге босату мүмкіндігі ұсынылмайды, егер ол сот өндірісіне кедергі келтіреді немесе тергеуден және соттан жасырынады деген негіздер жетікілікті болатын болса. Ал тәжірибе жүзінде қылмыстық қудалау органдары ондай деректі толық дәлелдеп әбігерге түспейді», - деді Д.Канафин.
Оның айтуынша, қылмыстық судьяға азаматты қамауға алуға тергеу органдарының сөз жүзіндегі пікірлері жеткілікті болып жатады.
«Үлкен өкінішімізге орай, бір жарым, көп дегенде екі бетке шығарылатын үкімдер үшін күдікті тергеу мен соттан қашып кетеді және ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталады деген сияқты ауызша ғана айтылатын пайымдаулары жеткілікті және бұл айыптаушы тараптың біздің ел азаматын қамауға алу туралы санкция шығару туралы өтінішін қанағаттандыруға жетіп жатыр. Менің білуімше, жағдайдың 96%-да тергеу судьялары қамауға алуға санкция шығарады. Өкінішке орай, біз сот бақылауын жүзеге асыру барысында тергеу мен прокуратураның әрекетіне сыни көзқарасты байқамаймыз, полицейлер мен билік алдында тұлға құқығының жеткілікті басымдығын сезінбейміз», - деді Д.Қанафин.
Сонымен қатар, ол тергеу судьяларының тәуелсіздігі мен дербестілігі күдік тудырып отырғанын айтты.
«Біз сот бақылауын жүзеге асырып отырған судьялардың тәуелсіздігі мен процессуалдық дербестілігін көтеруді сұрадық. Өкінішке орай, олай болған жоқ. Тергеу судьялары аудандық соттардың бір бөлігі болып қалуды жалғастыруда, және сол еңбек ұжымының өзара ішкі адами, кәсіби және басқа да байланыстармен байланысты бір мүшесі бола тұра оларда сот бақылауын жүзеге асыруда жеткілікті түрде дербестілік және тәуелсіздік деңгейі жоқ. Бұл біздің алаңдаушылығымызды тудырмай қоймайды», - деді Д.Қанафин.
Сондай-ақ ол, қылмыстық істердегі заңдылық стандарттарының жалпы төмендігіне алаңдаушылық білдірді.
«Қылмыстық істер бойынша сот өндірісі мен тергеу өндірісі барысында заңдылық стандарттарының төмендігі біздің алаңдаушылығымызды тудырмай қоймайды және бұған ақтаушы үкімдер өсімінің барынша төмендегі куә. Былтыр Қазақстан Республикасы Жоғары сотының төрағасы судьялардың 2015 жылғы 1 жартылдық қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесіндегі сөзінде ақтаушы үкімдер шығару тәжірибесін кеңейту қажеттігін және қамауға алуға санкция беруді ізгілендіру туралы айтқан еді, өкінішке орай жағдай жақсы жағына қарай жеткілікті көлемде өзгермеген. Мұны, тек, бз адвокаттар ғана емес, мұны БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитет сарапшылары да көріп отыр. Сонымен, атап айтсақ, Комитеттің Қазақстан Республикасының екінші кезеңдік баяндамасы бойынша қорытынды ескертулерінде «Комитет, ақтаушы үкімдердің үздіксіз өскеніне қарамастан бұрынғыша әлі де аздығына алаңдаулы» делінген», - деп атап өтті Д.Канафин.
Оның айтуынша, қазіргі таңда сот және айыптаушы билік біте қайнасып бара жатыр.
«Біз өкінішке орай көз алдымызда сот және айыптаушы биліктің бітісіп бара жатқанын көріп отырмыз, соттар істерді көбіне процессуалды форма арқылы өткізуде, бұл ретте, алайда, қорғаушы дәлелдерін елемейді, солайша, біздің қылмыстық істің негізсіз қатаң инквизицилық бағытын қолдайды. Қылмыстық сот өнідірсі барынша жазалаушы болып қалады, және мұны ақтаушы үкім статистикасы да растайды, олардың саны да 2% аспайды. Бұл көбінде көрініп отыр, және, ең алдымен, қылмыстық сот өндірісінде адам құқықтарының кепілдігіне онша сыйлы қарым-қатынаста емес», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей оны бұздырмақшы.
С.Матаев 2 ақпанда ұсталды. 24 ақпанда сот үй қамағы түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 11 сәуерде, 6 мамырда және 2 маусымда сот С.Матаевтың үй қамағы мерзімін ұзартты. Соңғы жағдайда үй қамағында ұстау жағдайы күшейтілді. Ә.Матаев 28 наурызда үй қамағына алынды. Сот үй қамағының мерзімін үш рет созды. Алматы қалалық соты адвокаттардың үй қамағын кепілге өзгерту туралы өтініштерін қабылдамады, және Матаевтар тергеуге кедергі келтіруі немесе қашып кетуі мүмкін деген айыптаушы тарап жағының уәждерінің негізі жоқтығын ескермеді. 22 шілдеде С.Матаевты үй қамағына алу мерзімі аяқталды, сот бұлтартпау шарасының мерзмін ұзартпады, алайда С.Матаев үй қамағында қала берді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46