Қазақстандағы су құбыры жүйелерінің шамамен төрттен бір бөлігін қайта ауыстыру керек

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер.  Қазақстандағы су құбыры жүйесінің 24%-ын қайта ауыстыру қажет, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
«Еліміз бойынша су құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 60,9 мың шақырым, оның ішінде 24% күрделі жөндеу жұмыстары мен ауыстыру жұмыстарын қажет етеді», - деді Қ.Өскенбаев дүйсенбідегі ТҚШ жаңғырту мәселелері бойынша брифингте.
Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, Қазақстандағы 3347 елдімекенде орталықтандырылған су құбыры жүйесі жоқ.
«Өкінішке қарай,  163 елдімекен, бұл дегеніңіз 66 279 тұрғын суды тасып ішеді», - деп толықтырды вице-министр.
Ол атап өткендей, статистикалық мәліметтерге сәйкес жалпы халық саны 17,4 млн адамды құраса, оның 13,4 млн немесе 77,4% ғана орталықтандырылған су құбыры жүйесімен қамтылған.

adimage