Қазақстандағы такси балаларға арналған автокреслолармен жабдықталуы тиіс – ІІМ

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстандағы такси балаларға арналған автокреслолармен және арнайы тұтқыр құрылғылармен жабдықталуы тиіс, деп хабарлады ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қанат Сәдуақасов.
«Таксиде автокреслолар міндетті түрде болуы тиіс», - деді Қ. Сәдуақасов.
Ол 12 жасқа дейінгі балаларды автокреслоларсыз немесе тиісті тұтқыр құрылғыларынсыз тасымалдауға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын еске салды.
Оның айтуынша, 12 жасқа дейінгі балаларды алдыңғы отырғышта тасымалдау үшін балаларға арналған креслоны пайдалану қажет, ал артқы отырғыштарда солармен қатар балаларға арналған арнайы тұтқыр құрылғыларды қолдануға болады. мұнымен бірге ол балаларға арналған автокреслолармен қатар автомобиль салонында «балаларға арналған тұтқыр құрылғылар» ретінде жіктелетін автоаспабесіктер мен көпшік-бустерлер, сондай-ақ бөбекті қауіпсіздік белдігінің көмегімен түймелеуге мүмкіндік беретін өзге де құралдар қолданылады.
Қ. Сәдуақасов сауда құрылымдарының осының өзінде барлық осы заттарды қазақстандықтарға сатуға дайын екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, а.ж. 7 қаңтарынан бастап ЖКЕ жаңа түзетімі күшіне енеді.
1 АЕК = Т1982

adimage