Қазақстанда Қытайдан келген 100-ге жуық адам оқшау ауруханаға жатқызылды

Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда Қытайдан келген 100-ге жуық адам оқшау ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мәселен, 2020 жылдың 6 қаңтарынан 4 ақпан аралығында елімізге 30 мың 2 адам келді. Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда - 21 мың 439 адамды, теміржол вокзалдарында – 399 жолаушыны тексерді. ЖРВИ белгілерімен 94 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 61 жазылып шықты, қазір стационарларда медициналық бақылауда 33 адам қалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Атап өтелік, ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.
«Республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқшаулауға арналған бокстар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалған. Айта кету керек, бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», - деді денсаулықминінен.

adimage