Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанда туылған 820 сәбидің 224-і дүниеге Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) келді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасында 820 сәби дүниеге келді. Жаңа туылған сәбилер саны жағынан бірінші орында ОҚО. Мұнда жаңа жыл қарсаңында дүниеге 224 сәби келді. Одан кейін Алматы облысы – 87, Алматы қаласы – 82, Жамбыл облысы – 71, Шығыс Қазақстан облысында – 67 бала дүниеге келді», - делінген сейсенбі күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында жарияланған хабарда.
Бұл ретте ведомстводан атап өткендей, 2013 жылы 31 желтоқсанда да Қазақстанда осыншама бала дүниеге келген.
Еске салсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметтерінше, 2014 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда 248,1 сәби дүниеге келіп, оның ішінде Оңтүстік-Қазақстан облысында - 62,6 мың бала дүниеге келді.
2014 жылғы 1 желтоқсанда ОҚО халық саны жағынан Қазақстанның барлық батыс облыстарын қоса алғаннан озып келеді: ОҚО-да 2784,7 мың адам мекен етсе, ҚР батыс облыстарында 2636,6 мың халық тұрады (Маңғыстау обласында – 605,2 мың адам, Ақтөбе облысында – 821,6 мың адам, Атырау облысында – 580,4 мың адам, Батыс Қазақстан облысында – 629,4 мың адам).
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45