Қазақстанда жаңа жылдық мерекелер қарсаңында ет тағамының индексі 43 құрады

Күні: 19:09, 18-12-2019.

Алматы. 18 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда жаңа жылдық мерекелер қарсаңында ет тағамының орташа индексі 43 құрады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ет тағамының индексін есептеу үшін жалақы ет тағамына қажет заттардың бағасына бөлінеді. Бұл ретте төрт адамнан тұратын отбасыға арналған ұлттық тағамның қарапайым мәзірі қолданылады. Оның құрамына 2 кг ет (қой және жылқы еті), 0,5 кг ұн, 1 жұмыртқа, 0,3 кг жуа мен 0,5 кг картоп кіреді.
Индекс бойынша 2019 жылғы желтоқсандағы ең төмен көрсеткіш – Алматыда, Жамбыл және Ақмола облыстарында. Бұл өңірлерде тұрғындар айына бесбармақты 28, 29 және 30 рет дайындай алады.
Бұл айдағы бесбармақ санының ең жоғары көрсеткіші – 87 – Нұр-Сұлтан тұрғындарының қалтасы көтерсе, Атырау облысы 77 рет, Маңғыстау облысы 69 рет дайындай алады.
Түркістан және Шығыс Қазақстан, Байқоңыр, Солтүстік Қазақстан, Шымкент және Ақтөбе облыстары айына 32-ден 39 ғана дейін дайындай алады.
Ал Алматы, Павлодар облыстары, Қызылорда және Қостанай облыстары 40-тан 42-ге дейін бесбармақ дайындай алады.
Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары Жаңа жыл қарсаңында сәйкесінше, 50 және 51 рет тағам дайындай алады.


Жаңалықтармен бөлісу: