Қазақстанда жаз айларының алғашқы күндерінде найзағайлы жауын мен қатты жел тұрады

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстанда жаз айларының алғашқы күндерінде найзағайлы жауын мен қатты жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Күнтізбелік жаз жаңбырдан басталады. Қазақстанда жиі жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа-райы сақталады. Мұндай ауа-райы тропосферада орныққан солтүстік-батыс ауа ағындарымен, солтүстік теңіздердің жағалаулық аудандарынан келген суық және ылғалды ауасымен байланысты.  
Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады», - делінген сәрсенбі күні таратылған 31 мамыр – 2 маусым аралығына арналған  ауа-райы болжамында.
.  Ауа температурасы нормадан  1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарында түнде кей жерлерде үсік күтіледі деп болжанады.

adimage