Қазақстанда журналистерге арналған жалдамалы тұрғын үй салынбайды

Астана. 10 наурыз. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда журналистер үшін жалдамалы тұрғын үй арнайы салынбайды, деп хабарлады «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.
«Осы (жалдамалы тұрғын үй – ҚазТАГ) бағдарламасы бойынша журналистер үшін тұрғын үй арнайы салынбайды. Себебі ол пәтерлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар тізіміндегі азаматтар арасында ғана бөлінетін болады», - деді Қ. Бишімбаев сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, пәтер алуға құқылы азаматтарға аталған баспаналарды бөлу рәсімі тиісті бағдарламада мұқият жазылып қойылған.
«Бірақ басты шарт: аталмыш бағдарламаға қатысу үшін, сіз жергілікті атқарушы органның тізіміне кезекте тұрып, ондағы өз кезектілігіңізді білуге тиістісіз және сонда ғана сіз пәтер ала аласыз», - деп түсіндірді холдинг басшысы.

adimage