Қазақстанда жыл соңына дейін бағасы көтерілмейтін 105 дәріден тұратын тізім бекітілді

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстанның кәсіби фармацевтикалық қауымдастық жетекшілері жыл соңына дейін бағасы көтерілмейтін 105 дәрі мен медициналцық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы меморандаумға қол қойды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарында айтылғандай, меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсету болып табылады. Дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын отандық және халықаралық өндіругілер мен десрибюторлар мен бөлшек сауда өкілдері өз мойындарына жиі қолданылатын дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 105 түріне бағаны тұрақты сақтау туралы әлеуметтік жауапкершілік алды. Меморандумның қолданыста болу мерзімі – 2016 жыл соңына дейін.
Ол тізімге ауыртпайтын, қабынуға қарсы, жүрек ауруларының, антигистаминдік, асқазан ауруының, гипотензивтік дәрілер, дәрімендер, көзге, құлаққа тамызатын дәрілер мен т.б. дәрі-дәрмектер енді.

adimage