Қазақстанда ЖЖЕ бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтардың өмір деңгейіне сай келмейді – сарапшы

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Қазақстанда жол жүру ережесін (ЖЖЕ)  бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтардың өмір деңгейіне сай келмейді, деп мәлім етті Қазақстан тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков.
«Біріншіден, Қазақстандағы айыппұл мөлшері ТМД аумағындағы ең жоғарылының бірі. ЖЖЕ бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерінің көтерілуі бізді еуропалық елдермен бір қатарға қояды. Бірақ Еуропалықтар мен Қазақстандықтардың өмір тіршілігінің айырмашылығы аспан мен жердей екенін түсінетін шығарсыз», - деді Э. Эдоков агенттікке сейсенбі күні.
«Екіншіден, біздің елде айыпыпұл бағасын көтеру бұған дейін де болған, одан ешқандай нәтиже болмаса да, біз тағы сол сүрлеумен, себебін емес, салдарын жоюға бара жатырмыз», - деді ол.
Э. Эдоковтың пікірінше, айыппұлдарды тағы көтеру жолдардағы ахуалдың жақсаруына елеулі ықпал етпейді.
«Біз себептерін жоймайынша, айталық, жүргізуші куәліктерін сатуды, полициядағы жемқорлықты, инфрақұрылымның жеткіліксіздігін, бұл саладағы жағдай түбегейлі өзгермейді... 10 мың теңге төлемеген адам, 20 мың теңге айыппұлды да төлемейді», - деді ол.
Одан басқа, Э. Эдоков айыппұлдың көтерілуіне «тек пейілі таза емес полицейлер ғана қуанады, себебі айыппұл көп болған сайын оны хаттама арқылы төлейтіндер саны да азая түседі» деп есептейді.
«Мысалы, Астана мен Алматыда кейде тым қымбат айыппұлды төлеуі де мүмкін. Ал жалақы деңгейі төмен басқа да қалалар бар ғой, оларда қалай төлейді айыппұлды? Олар сол жерде хаттама толтырмай-ақ, айыппұл мөлшерінен едәуір аз сомаға «ымыраласуға» тырысады», - деп ол қадап айтты.
Еске салсақ, 2014 жылғы 19 қазаннан Қазақстанда жол қозғалысының жаңа ережесі күшіне енеді. Онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізілген және онда айыппұл мөлшерін көтеру қарастырылған.  
Мысалы, бұдан былай жылдамдықты 10-20 км/сағ мөлшерінде асырып жібергені үшін және тиісті емес жерге тоқтағаны үшін, тыйым салынған жерден бұрылғаны үшін, жол қиылысында тығын тудырғаны үшін 10 АЕК, немесе Т18520 айыппұл төлеу керек. Қарсы жолға шығып кету, көлікке тоқтау туралы полиция талабыны орындамағаны үшін жүргізушіге бір жылға куәлігінен айыру жазасы қолданылады.  
Бұл ретте екінші қатармен тұра қалғаны үшін айыппұл 20 АЕК, немесе Т37 040 мөлшерінде болады.
Көлікті мас күйінде, немесе есірткі шегіп алып айдасаңыз - жүргізуші куәлігіңізден 3 жылға айрыласыз.
Ең ірі айыппұл – мүгедектерге арналған орынға көлігіңізді қойғаныңыз үшін Т92,6 мың айыппұл төлеуіңіз керек!

adimage