Қазақстанда ЖЖМ бағасы төмендеді

Күні: 17:04, 10-12-2014.

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) бағасы төмендеді.
«Мемлекеттік баға реттеу орнатылған мұнай өнімдерін бөлшектеп сатуға деген шекті бағалар ҚҚС есебінен келесідей мөлшерлерде белгіленсін: дизельдік отын – литріне 107 теңге; Аи-80 – литріне 89 теңге; Аи-92/93 – литріне 115 теңге», - делінген сәрсенбі күні Қазақстан энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған ҚР энергетика министрі Владимир Школьниктің 2014 жылдың 10 желтоқсанындағы бұйрығында.
Бұйрықтың қол қойылған сәттен бастап өз күшіне енетіндігі және ҚР энергетика министрлігінің сайтына орналастыруға жатаныны атап өтілген.
Бұған дейін, 9 желтоқсанда, ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин «алдағы уақытта мемлекеттің тарапынан реттелетін мұнай өнімдері түрлерінің шекті бағасы төмендетілетінін» хабарлаған еді. АИ-92 бензинінің бағасы литріне Т128-ден Т115-ке төмендейді, АИ-80 бензинінің бағасы бұрынғы деңгейде қалды – Т89, дизель отынының бағасы литріне Т115-тен Т107-ге дейін түсіріледі, деген болатын ол.


Жаңалықтармен бөлісу: