Қазақстанда зиянды өндіріс ошақтарында жұмыс жасайтындар 55 жаста зейнетке шыға алады

Күні: 16:11, 25-09-2015.

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда зиянды өндіріс ошақтарында жұмыс жасайтындар қалаулары бойынша 55 жаста зейнетке шыға алады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.  

«Міндетті кәсіби жарна мен міндетті зейнетақы жарнасын есептей отырып, біз зейнетақы заңнамасында зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтындар қалаулары бойынша зейнетке 55 жаста шыға алады деп жаздық.  Яғни 63 жасқа дейін күтпей-ақ 55 жасында зейнетке шыға алады», - деді Т.Дүйсенова жұма күні Еңбек кодексінің жобасын талқылау барысында.  

Бұған дейін хабарлағандай, ҚР Еңбек кодексінің жаңа жобасы ҚР парламентінің мәжілісіне қарауға жолданған.

Жобаның негізгі жаңалықтары: еңбек шартын өзгерту процесін жеңілдету, әсіресе экономикадағы дағдарыс жағдайында; жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек кодексінің әрекетін тоқтатуға негіз болатын себептер тізімін кеңейту; жұмыс берушінің жұмысшыларының кез келген санатына сынақ мерзімін белгілеу құқығының ұсынылуы; мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке орналастыру мәселесіне кешенді түрде қарау.

Сонымен қатар, еңбекті қорғау мәселесінде кодекс жобасында жұмыс беруші өзі (жұмыс берушінің актісін қабылау арқылы) немесе жұмысшысының өкілдерінің бастамасы бойынша (ұжымдық шарт жасау арқылы) жұмысшының жалақысының көлемі, жүйесі мен таңдау формасын шешетіні туралы ереже қарастырылған.  

Сонымен қатар жобада кәсіподақ ұсынған жұмысшылар арасынан техникалық инспекторлар институтын құру арқылы қоғамдық қадағалау саласын күшейту, олардың өкілеттігінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау өндірістік кеңесі аясында қаралуы көзделген.  


Жаңалықтармен бөлісу: