Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда бүркіттердің 650 жұбы ғана қалды, бұл оларды сақтап қалуды және көбейтуді қиындатып отыр, деп есептейді ҚР білім және ғылым министрлгінің Зоология институтында.
«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» жобасының ұйымдастырушылары зерттеу жүргізіп, Қазақстанда бүркіттердің 650-ге жуық жұбы ғана қалғанын анықтаған, бұл оларды сақтап қалу үшін тым аз. Оның үстіне, бүркіт көп балапан баспайды (1-2 жұмыртқаны басып шығарады)», - делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Осы ретте, аталып өткендей, ғалымдар құстардың бұл түрін сақтап қалу үшін олардын жұмыртқаларын бүркіттердің, тау қырандарының және өзге де құстардың ұяларына салып қояды.
«Тәлімбағының қызметкерлері зоология институтымен бірлесіп табиғатқа жіберудің 2 тәсілін ойластырды - бұл 1 ғана балапан бар ұяларға 1 балапан қосымша салып қою. Азық жеткілікті болған жағдайда ұяға 2 балапанға дейін салып қоюға болады. Себебі, балапандарды өз баласындай қабылдау мүмкіндігі зор. Жамансары, тау қырандары мен өзге де құстардың ұясына балапан салып қоюға болады», - деп түсіндірілген баспасөз парақшасында.
Бұдан басқа, бүркіттерді сақтап қалудың екінші жолы - өсіп қалған бүркіттің балапандарын жабайы табиғатқа жіберу.
Зоология институтының мәліметі бойынша, Алматы облысында «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» жобасы аясында тәлімбақта тәрбиеленген 3 бүркіттің балапандары жабайы табиғатқа жіберілді.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17