Қазақстандық ғарышкер Айымбетов «Союз ТМА-18М» кемесінің экипажымен бірге Байқоңырға келді

Күні: 17:45, 18-08-2015.

Байкоңыр. 18 тамыз. ҚазТАГ – Жүлдызды қалашықтан «Байқоңыр» ғарыш айлағына ұшу алдындағы дайындықтан өту үшін басқарылатын «Союз ТМА-18М» кемесінің негізгі экипажы келді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Негізгі экипаж – ғарышкер Сергей Волков (Ресей), ғарышкер Айдын Айымбетов (Қазақстан) Андреас Могенсен (Дания) Ю. Гагарин ат. ғарышкерлерді дайындау орталығының мамандарымен «Байқоңыр» ғарыш айлағының Юбилейный әуежайына келіп қонды», - деді агенттік тілшісі сейсенбі күні.
Сондай-ақ Роскосмостан Олег Скрипочка және Сергей Прокопьев, астронавта ЕКА Том Песк (Франция). қосалқы экипажымен ұшақ келіп қонды.
19 тамызда ғарышкерлер ұшатын скафандрлар мен 254-ші монтаждау-сынау корпусында көліктік басқарылатын «Союз ТМА-18М» кемесімен танысу болады.  
Ұзақ мерзімдік 45/46-шы экспедиция мен 18-ші қысқа мерзімдік экспедициясының ХҒС-қа  апаратын басқарылатын «Союз ТМА-18М» кемесінің ұшырылуы 2 қыркүйекке Астана уақытымен 10,34 минутқа белгіленген.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ХҒС-қа барып-қайту экспедициясының құрамына ұшудан бас тартқан турист келіншек Сара Брайтманның орнына  2015 жылы маусымда қабылданды.  А. Айымбетов Звездный городокта ғарышқа ұшудың шапшаңдатылған дайындығынан өтті. А. Айымбетовтың ғарыш стансасына миссиясы 10 тәуліктік болады. Осы аралықта қазақстандық ғарышкер ұлттық ғылыми тәжірибелер бағдарламасын жүргізеді.  


Жаңалықтармен бөлісу: